Балам жарақат алды деп, ақша сұраған әйелдің өтірігі әшкере болды

Деньги, тенге, калькулятор, национальная валюта, национальная валюта РК, национальная валюта Казахстана, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2025 15:39 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Астанада 31 жастағы әйел әріптестерін алдап, баласын "емдетемін" деген сылтаумен ақша жинағаны үшін жауапқа тартылуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 2025 жылдың 13 қазанында белгілі болды. Декреттік демалыста отырған әйел жұмыс орнына хабарласып, әріптестеріне баласының терезеден құлап, жансақтау бөлімінде жатқанын айтқан.


"Әріптестері баланың жағдайына алаңдап, көмектесуді ұйғарып, оның шотына ақша аударған. Кейін әріптестердің бірі әйелдің жұбайына хабарласып, жағдайды анықтаған кезде, ер адам баласының аман-есен екенін айтып, ақпаратты жоққа шығарған. Тексеру барысында әйел жиналған ақшаны өз қажеттіліктеріне, соның ішінде Түркияға демалысқа баруға жұмсағаны анықталды", – делінген полиция хабарламасында.

Аталған дерек бойынша әйелге қатысты "Алаяқтық" бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Бұған дейін тағы бір астаналық дәрігердің мүгедектік рәсімдеуге көмектесемін деп, азаматтарды алдап келгені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: