Түркияда 8 мың жылдық тарихы бар жәдігер табылды

Түркияда 8 мың жылдық тарихы бар жәдігер табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.08.2025 10:26 Сурет: Archaeologs
Түркиядағы тас дәуіріне жататын ескерткіштердің бірі — Улуджак төбесінен археологтар түлкі бейнесінде жасалған ер адамның саз мүсіншесін тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Archaeologs басылымының дерегінше, археологтар бұл түлкі бейнесіндегі ер адамның мүсіні бұрын Улуджакта табылған бұйымдардан өзгеше екенін айтқан.

Ғалымдардың пікірінше, бұл жаңалық өңірдегі ең ежелгі ескерткіш — Гөбеклітепе кешенінің символикасын еске салады. Бұл кешен қазіргі қазба орнына географиялық жағынан алыста орналасқанымен, табылған мүсінше неолит дәуіріндегі Батыс және Оңтүстік-Шығыс Анатолия мәдениеттерінің арасындағы байланысты меңзейді.

Улуджак төбесі (Улуджак-Хююк) — Түркияның батысындағы Измир провинциясына қарасты Кемальпаша ауданында орналасқан. Оның тарихы шамамен 8850 жыл. 2009 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан қазба жұмыстары осы өңірде өмір сүрген неолит адамдарының тұрмысы туралы тың деректер беріп келеді. Аймақта қыш шеберханасы болған, ал табылған 9 сантиметрлік саз мүсінше — соның дәлелі.

Қазба жұмыстарына жетекшілік етуші Түркиядағы Фракия университетінің профессоры Өзлем Чевиктің айтуынша, мүсіншедегі түлкі терісінің бөлшектері Гөбеклітепе кешеніндегі бағаналарға ойылып салынған киім үлгілеріне ұқсайды. Бұл кешен Шанлыурфа провинциясының астанасында, Түркияның оңтүстік-шығысында орналасқан.

Гөбеклітепе бағаналарында бейнеленген адамдардың төменгі денесі де түлкі бейнесінде. Уақыт айырмасы шамамен 4 мың жыл болса да, бұл ұқсастық екі аймақтың арасында мәдени және көркемдік байланыс болғанын көрсетеді.

Бұған дейін археологтардың 3000 жылдық тарихи бар белгісіз металлдан жасалған балта тапқандығын жазған болатынбыз. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: