Жаңалықтар тізбегі
0

Италия жағалауынан 2000 жылдық тарихы бар ғибадатхана табылды

Италия жағалауынан 2000 жылдық тарихы бар ғибадатхана табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2024 10:10 Сурет: M Silani/Cambridge University Press
Археологтар Италияның Поззуоли қаласының жағалауынан 2000 жылдық тарихы бар ғибадатхананың қирандыларын тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ғалымдар оны набатейлер – Иорданиядағы әйгілі Петра қаласын құрған көшпелі араб тайпалары салған деп болжайды. Бұл ежелгі өркениет "Индиана Джонс және соңғы крест жорығы" фильмінде айтылған.

Діни ғибадатхана тікбұрышты жобадағы және қабырғалары римдік стильде жасалған екі бөлмеден тұрады.  Сондай-ақ, латын жазуларымен Dusari sacrum сөзі ойылып жазылған, бұл "Душарға арналған" дегенді білдіреді. Айта кетейік, Душар набатейлердің құдайы.

Ғимараттың қирандылары Поззуоли жағалауынан шамамен 46 метр қашықтықта табылған, бұл жер бұрындары тауарларды тасымалдайтын римдік кемелер үшін маңызды порт болған. Аймақтағы жанартау  ежелгі қабырғаларды лава қабаттарымен жауып тастаған. 

Бұған дейін Қытайда 5 мың жыл бұрын жерленген "билеушінің" қабірі табылғаны хабарланған болатын. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: