Қытайда 5 мың жыл бұрын жерленген "билеушінің" қабірі табылды

Қытайда 5 мың жыл бұрын жерленген "билеушінің" қабірі табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2024 10:16 Сурет: pixabay
Қытайдың Хэнань провинциясындағы археологтар ежелгі қабірді тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытайлық CCTV басылымының мәліметінше, археологиялық ескерткіштің 5 мың жылдық тарихы бар. Сарапшылар аталмыш жаңалық Қытай өркениетінің пайда болуы туралы жаңа деректерді ашуға көмектеседі деп санайды.

17 метрлік қабірдің ішінен археологтар 350-ге жуық артефактілерді, соның ішінде яшма, керамика және піл сүйегінен жасалған заттарды тапты.

Сурет: news.cctv

Зерттеушілер бұл жерде жоғары мәртебелі адам жерленген деп болжайды. Оның ежелгі билеуші болуы да бек мүмкін.

Түркияда көпбалалы ер адам отбасын қырып тастап, артынан өзіне қол жұмсағаны белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: