Жаңалықтар тізбегі
0

Қытайдағы зауытта болған өрттен 36 адам қайтыс болды

Қытайда өрт болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2022 09:15 Сурет: pixabay
Қытайдың Хэнань провинциясындағы зауытта шыққан өрттен кем дегенде 36 адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

China Media Group хабарлауынша, дүйсенбі күні түстен кейін Аньян қаласында зауыт өртеніп, 36 адам қаза тауып, екеуі жараланып, екеуі із-түзсіз жоғалған.

Өрт 16:22-де басталып, 20:00-де оқшауланғаны атап өтілді. Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарына 240 адам қатысты, сонымен қатар 63 техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта із-түзсіз жоғалғандарды іздеу ұйымдастырылып жатыр.

Үстіміздегі жылдың қыркүйегінде қытайлық БАҚ Чанша қаласында ірі өрт болып, онда ең ірі телефон операторы China-telecom ғимараты өртеніп кеткені туралы жазған болатын. Channelnewsasia басылымы оқиға орнында 36 өрт сөндіру көлігі мен 280 өрт сөндіру бригадасының жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: