Мексикада барда атыс болып, 12 адам көз жұмды

Мексиканың Гуанахуато штатындағы Ирапуато қаласында барда атыс болып, салдарынан кем дегенде 12 адам қаза тапты, тағы үшеуі жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаланың қоғамдық қауіпсіздік басқармасының Twitter-інде қайғылы оқиғаның 15 қазанда кешке орын алғаны айтылған.
Қоңырау келіп түсе салысымен қауіпсіздік қызметкерлері оқиға орнына болды, дәрігерлер алты ер адам мен алты әйелдің қаза тапқанын растады, делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript