Конор Макгрегор Ирландияның жаңа президенті атануы мүмкін

Конор Макгрегор Ирландияның жаңа президенті атануы мүмкін, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2025 10:35 Сурет: X/TheNotoriousMMA
UFC-тің танымал спортшысы Конор Макгрегор Ирландияда президенттік науқанын бастағанын мәлімдеді. Ол өз жақтастарын жергілікті кеңес мүшелерімен байланысып, оның кандидатурасын ұсынуға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы спортшы X (бұрынғы Twitter) және Instagram әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында жазды.

"Ирландия азаматтары, нағыз өзгерістер уақыты келді! Президент ретінде мен халықтың мақұлдауынсыз бірде-бір заң жобасына қол қоймаймын! Егер менің атымды дауыс беру бюллетенінде көргіңіз келсе, бүгіннен бастап өз округіңіздегі кеңес мүшелеріне хабарласып, менің кандидатурамды ұсынуды сұраңыз", – деп жазды Макгрегор.

Ол қазіргі билік елді тығырыққа тіреп отырғанын айтып, сынға алды. Спортшы егер президент болса, Ирландияда ешкім назардан тыс қалмайтынын жеткізді.

Макгрегор сонымен қатар Ирландия шекарасын қорғауға, ЕО-ның көші-қон пактінен шығуға және өзі "импортталған қылмыскерлер" деп атағандарды депортациялауға уәде берді. Ол 1922 жылғы Конституциядағы халықтың бастамасымен заң қабылдауға және вето қоюға мүмкіндік беретін баптарды қайтаруды қалайды. Бұл арқылы ол шынайы тікелей демократияны енгізуді көздеп отыр.

Экономика саласында Макгрегор мемлекет қаржысын шетел азаматтарына берілетін жәрдемақылардан алып, ауруханаларға, мектептер мен тұрғын үйге бағыттауды, сонымен қатар шағын бизнестің мәселелері мен әділетсіз тарифтерді шешуді жоспарлап отыр.

Миллиардер Илон Маск Макгрегордың кандидатурасын қолдап, "Ирландия халқы үшін одан артық күресетін адам жоқ" деп мәлімдеді. Ирландиядағы президенттік сайлау 24 қазанға белгіленген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: