UFC танымал файтері Макгрегор 10 жылға сотталуы мүмкін

UFC танымал файтері Макгрегор, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.07.2025 17:30 Сурет: Instagram/thenotoriousmma
Ирландиялық әйгілі файтер Конор Макгрегор жалған куә бергені үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

MSN дерегінше, бұрынғы UFC чемпионы Никита Хэндтің ісі бойынша жалған куәлік бергені үшін кінәлі деп танылуы ықтимал.

Ирландияның азаматтық соты бұған дейін Макгрегорды 2018 жылғы желтоқсанда әйелді зорлады деп таныған. Ол кезде спортшы 248 мың фунт стерлинг өтемақы төлеумен шектелген.

Алайда арада уақыт өткен соң, 36 жастағы әйел сол кезде шындықты толық ашпағанын, өйткені балаларын "қайта көре алмаймын ба" деп қорыққанын айтты.

Өз кезегінде Макгрегор өзін ақтайтын жаңа дәлелдер сұрайтынын мәлімдеді. Ол бұл дәлелдерді Никита Хэндтің бұрынғы көршілері — Саманта О’Рейли мен Стивен Камминстен алмақ.

Сондай-ақ Макгрегор жәбірленушімен екеуара келісім негізінде жақындасқанын алға тартып отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: