Көп асыға күткен Макгрегор мен Холлоуэй жекпе-жегі өте тез аяқталды - видео

UFC, Лас-Вегас, Макгрегор, Холлоуэй, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2026 09:37 Сурет: Threads/ufconparamount
12 шілдеде Лас-Вегаста, UFC 329 турнирі аясында ирландиялық Конор Макгрегор мен америкалық Макс Холлоуэйдың жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

UFC-дің бұрынғы жартылай жеңіл және жеңіл салмақтағы чемпионы үшін бұл соңғы бес жылдағы алғашқы жекпе-жегі болды. Соңғы рет ол 2021 жылы UFC 264 турнирінде америкалық Дастин Порьеге қарсы октагонға шыққан болатын. Ол кездегі жекпе-жек бірінші раундта аяқталған еді, өйткені ирландиялықтың аяғы сынған.

Бұл жолы Конор Макгрегор техникалық нокаутпен жеңіліс тапты. Ирландиялық жекпе-жектің бірінші минутында жарақат алды.

Одан кейін ол аяғынан тік тұра алмай, жерге екі рет жерге омақаса құлады, төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.

Бұған дейін футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионаты жалғасып жатқанын, Роналдуға қарағанда Мессидің жолы болғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: