I’m ready to fight: Шавкат Рахмонов Томпсонмен жекпе-жекке дайындалып жатыр

Шавкат Рахмонов, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.12.2023 09:03 Сурет: instagram.com/shavkatrakhmonov94
Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов бүгін Лас-Вегаста өтетін UFC 296 турнирінде америкалық Стивен Томпсонмен жекпе-жекке шығады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық файтер 40 жастағы америкалықпен жекпе-жекте фаворит саналады, дегенмен сарапшылардың айтуынша, қарсыласты да есептен шығаруға болмайды. Дегенмен Шавкат Рахмонов титулдық белдесуде жеңіске жетуге бекінген.

Рахмонов-Томпсон жекпе-жегінің тікелей көрсетілімі шамамен Астана уақытымен 09:40-та басталады.

Қазақстандық үшін бұл ең ірі промоушендегі алтыншы жекпе-жек болмақ.

Шавкат Рахмонов кейінгі рет наурыз айында октагонға шыққан еді: үшінші раундта америкалық Джефф Нилді жеңген болатын. Стивен Томпсон былтырғы желтоқсанынан бері жекпе-жек өткізбеген, ол  отандасы Кевин Холландпен жекпе-жекке шығып, төртінші раундта жеңген болатын.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: