Жаңалықтар тізбегі
0

Шавкат Рахмонов мерзімінен бұрын ойынды аяқтап, мансабындағы 17-ші жеңісіне қол жеткізді

UFC Сурет: Instagram/shavkatrakhmonov94
Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов Лас-Вегаста (АҚШ) аралас жекпе-жек бойынша UFC 285 турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рахмонов белді америкалық қарсыласы Джефф Нилмен күш сынасып, оны үшінші раундта тұншықтыру әдісімен ұтып кетті. Жекпе-жек алдында Нил жартылай орта салмақтағы UFC рейтингісінде Рахмоновтан жоғары тұрған болатын: америкалық жетінші, ал қазақстандық тоғызыншы орынды місе тұтқан.

Осылайша, Шавкат Рахмонов кәсіби мансабындағы 17-ші жеңісіне қол жеткізді және әлі де жеңіліп көрмеген файтер болып саналады. Ал Джефф Нил бесінші жеңілісін тіркеді. Рахмонов үшін бұл UFC-дегі бесінші жекпе-жегі болды (оның рекорды 5-0), Нил үшін оныншысы (7-3).

Тақырыпқа орай: "Қазақша кетті". Шавкат аты аңызға айналған комментаторды дән риза қылды

Жекпе-жектің толық видеосын  мына арадан көруге болады.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз