Футболдан ӘЧ-2026: Роналдуға қарағанда Мессидің жолы болды

Месси, футбол, Аргентина, Швейцария, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2026 09:25 Сурет: Telegram/Foot Football
12 шілдеде 2026 жылғы Әлем чемпионатының ширек финалы аясында Канзас-Ситидегі "Эрроухед" стадионында Аргентина құрамасы Швейцарияға қарсы әдемі ойын өрнегін көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл матч 3:1 есебімен Аргентина құрамасының пайдасына шешілді.

Осылайша Аргентина футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионатының жартылай финалына арналған соңғы жолдаманы жұлып алды. Енді олар Норвегияны қосымша уақытта 2-1 есебімен жеңген Англия құрамасымен кездесетін болады.

Жартылай финалдағы матчтар 14-15 шілде аралығында өтеді. Үшінші орын үшін таласты матч 18 шілдеде Майамиде, ал финалдық кездесу 19 шілдеде АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы Metlife стадионында өтеді.

Айта кетсек, Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду 2026 жылғы футболдан Әлем чемпионатының 1/8 финалында Испания құрамасынан жеңілгеннен кейін көз жасына ерік берген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: