Норвегия – Англия: жартылай финалдың алғашқы жолдамасы кімге бұйырды

Футбол, Норвегия, Англия, жартылай финал, жолдама , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2026 09:19 Сурет: Instagram/england
Майами-Гарденстегі "Хард-Рок" стадионында Норвегия мен Англия құрамалары футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионатының жартылай финалының алғашқы жолдамасын өзара сарапқа салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Норвегия бірінші таймда есеп ашты. Шельдеруп Пикфордтан, яғни айып алаңының сызығынан (тоғыздықтан) асырып керемет гол соқты. Бірақ Англия Беллингемнің тамаша голымен таймның соңында есепті теңестіріп кетті.

Екінші таймның жойқын болғанына қарамастан, норвегиялықтардың екінші голы есепке алынбады, негізгі уақыттың соңғы минутына дейін таблодағы есеп өзгеріссіз қалды: 1:1. Алайда, бірінші экстра-таймда Англия екінші голды соқты.

Ойынның жалпы нәтижесі 2:1 есебімен Англияның пайдасына шешілді.

Норвегия-Англия матчында әлемге әйгілі адамдар арасынан Дэвид Бекхэм отбасымен және Винус Уильямс төбе көрсетті.

Дэвид Бекхэм, Англия, Норвегия, футбол, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2026 09:19

Сурет: Instagram/davidbeckham

Тағы қызықты жайт. Англия-Норвегия матчы алдында British Airways пен Norwegian әуе компаниялары өзара бәстесіп, бір күн бойы ұтылған тарап Instagram-дағы логотипін жеңімпаздың логотипіне ауыстыруға келісті. Матч аяқтала салысымен, норвегиялық әуе компания бірден уәдесін орындады.

Сондай-ақ, Ұлыбританияның Қорғаныс министрлігі өз командасын қолдау үшін ерекше видео түсірді.

Айта кетсек, Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду 2026 жылғы футболдан Әлем чемпионатының 1/8 финалында Испания құрамасынан жеңілгеннен кейін көз жасына ерік берген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: