Көп асыға күткен Макгрегор мен Холлоуэй жекпе-жегі өте тез аяқталды
Сурет: Threads/ufconparamount
12 шілдеде Лас-Вегаста, UFC 329 турнирі аясында ирландиялық Конор Макгрегор мен америкалық Макс Холлоуэйдың жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
UFC-дің бұрынғы жартылай жеңіл және жеңіл салмақтағы чемпионы үшін бұл соңғы бес жылдағы алғашқы жекпе-жегі болды. Соңғы рет ол 2021 жылы UFC 264 турнирінде америкалық Дастин Порьеге қарсы октагонға шыққан болатын. Ол кездегі жекпе-жек бірінші раундта аяқталған еді, өйткені ирландиялықтың аяғы сынған.
Бұл жолы Конор Макгрегор техникалық нокаутпен жеңіліс тапты. Ирландиялық жекпе-жектің бірінші минутында жарақат алды.
Одан кейін ол аяғынан тік тұра алмай, жерге екі рет жерге омақаса құлады, төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.
Бұған дейін футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионаты жалғасып жатқанын, Роналдуға қарағанда Мессидің жолы болғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript