Жаңалықтар тізбегі
0

ТЖ кезінде жұмыс орнынан кетіп қалған полицейлер 10 жылға дейін сотталуы мүмкін

Бас прокуратура, қаңтар оқиғасы, құқық қорғау органдарының қызметкері, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.12.2022 12:38 Сурет: Zakon.kz
Парламент мәжілісінің пленарлық отырысында Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев төтенше жағдай кезінде тәртіп сақшылары жұмыс орнын тастап кетсе, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Бас прокурордың орынбасары қаңтар оқиғасы бойынша халыққа ай сайын тиісті ақпарат берілетінін атап өтті.

"Қанша қылмыстық іс қозғалғанын, қанша адам жауапқа тартылғанын хабарлап отырамыз. Қандай да бір ақпарат қажет болса, мен бере аламын. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қызмет орнын тастап кетуі жөніндегі нақты сіздің сұрағыңызға көшсек, осы айда заңға тиісті өзгерістер енгізілді. Өміріне немесе денсаулығына қауіп төнген, сондай-ақ жұмыс орнын тастап кеткен, өкілеттікті асыра пайдаланған және басқа да көптеген әрекеттер жасаған жағдайға қатысты біз Қылмыстық кодекске тұлғалардың жауапкершілігін көрсететін жаңа бап енгіздік. Онда 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады деп нақты көрсетілген". Жандос Өміралиев


"Әскери полиция органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын және оған қатысты түзетулер пакетін бірінші оқылымда талқылаған кезде депутат Ерлан Саиров қаңтарда Талдықорған қаласында, Жамбыл және Қызылорда облыстарында болған оқиға кезінде кейбір қызметкерлер жұмыс орнын тастап кеткенін еске салды. Осыған байланысты ол Бас прокуратура өкілінен осы органдар басшыларына қандай шаралар қолданылғанын, қаңтардағы қайғылы оқиғаға қатысты тергеу қорытындысы қашан ұсынылатынын айтып беруін сұрады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: