Геннадий Головкин World Boxing ұйымының президенті лауазымына өз канидатурасын ұсынды

Геннадий Головкин, World Boxing, президент, канидатура, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2025 22:19 Сурет: olympic.kz
Атақты боксшы, Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин халықаралық World Boxing федерациясының президенті лауазымына өз кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Геннадий Головкин Instagram-дағы парақшасында жазды.

"Достар, мен халықаралық World Boxing федерациясының президенті лауазымына өз кандидаттурамды ұсыну туралы маңызды шешім қабылдадым. Менің миссиям – бокстың олимпиадалық болашағын сақтау, сенімді нығайту және спортшыларды, жаттықтырушылар мен федерацияларды біздің спортты дамыту жолындағы талпыныстарында қолдау. Біздің басты мақсатымыз – Халықаралық Олимпиада комитетінің толық мойындауына қол жеткізіп, бокстың Лос-Анджелес-2028, Брисбен-2032 және алдағы Олимпиада ойындарындағы орнын бекіту. 23 қараша күні біз бокстың жарқын болашағына қарай маңызды қадам жасаймыз", делінген жазбада.

Айта кетсек, аталған ұйымның жаңа президентін сайлау 23 қарашада Рим қаласында World Boxing конгресі аясында өтеді. Сондай-ақ конгресс барысында федерация Атқарушы комитетінің мүшелері де таңдалады. Қазіргі таңда WB құрамына кіретін 125 елдің өкілдері дауыс беруге қатысады.

Геннадий Головкин - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, 2004 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, 2003 жылғы әлем чемпионы. Кәсіби рингте IBF (2015-2018, 2019-2023), IBO (2011-2018, 2019-2023) және WBA (2010-2018, 2022-2023) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанған. Ол қатарынан 23 жекпе-жекте қарсыласын нокаутпен жеңіп, орта салмақ тарихында ең жоғары нокаут көрсеткіші үшін Гиннестің рекордтар кітабына енген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: