Камчаткада тағы да жойқын жер сілкінісі болды

Сейсмометр, сейсмология, сейсмологи, сейсмограмма, землетрясение, подземные толчки, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2025 13:55 Фото: pixabay
2025 жылғы 13 қыркүйекте Камчатка түбегінің шығыс жағалауында қуаты күшті жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресейдің геофизикалық қызметінің мәліметінше, зілзаланың эпицентрі Петропавл-Камчатский қаласынан 123 шақырым қашықтықта, Тынық мұхитында орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы 6,3 болған. Алайда РИА Новости басылымының жазуынша, Ресей ғылым академиясының Қиыр Шығыс бөлімшесінің Вулканология және сейсмология институтының Камчаткалық жанартау атқылауына әрекет ету тобы жер сілкінісінің магнитудасын 7,7 деп хабарлады.

Жер сілкінісінен кейін түбекте цунами қаупі жарияланды. Жергілікті ТЖМ болжамы бойынша, толқындардың биіктігі 120 см-ге жетуі мүмкін.

Камчатка өлкесінің губернаторы Владимир Солодов:

"Цунами қаупі жарияланды. Халактыр жағажайы мен цунами қаупі бар басқа да аудандарға барғанда аса мұқият болуларыңызды сұраймыз", — деді.

Тұрғындарға жағалаудан алысырақ кетуге кеңес берілді. Ал теңізде жүрген кемелерге 50 метрлік изобатаға дейін, яғни тереңірек ашық мұхитқа шығу ұсынылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: