Қытайда әлемдегі ең ұзын керме көпір ашылды

Қытайда әлемдегі ең ұзын керме көпір ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2025 10:48 Сурет: People’s Daily, China
Қытайдың шығысындағы Цзянсу провинциясында әлемдегі ең ұзын керме көпір көлік қозғалысына ашылды. Бұл көпір Чанчжоу мен Тайчжоу қалаларын байланыстырып, жол уақытын бір сағаттан 20 минутқа дейін қысқартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

South China Morning Post мәліметінше, Чантай-Янцзы көпірі ұзындығы 10,3 шақырымды, ал оның негізгі аралығы 1208 метрді құрайды. Бұл – өзен үстінен өтетін алғашқы көпір, онда жоғары жылдамдықты автожол, қарапайым автокөлік жолы және қалааралық теміржол бір конструкцияда біріктірілген.

Сурет: People’s Daily, China

Алты жыл бойы салынған жаңа нысан бірнеше бірдей рекорд орнатты. Ол:

  • әлемдегі ең ұзын керме көпір,
  • автомобиль мен теміржол қозғалысына арналған болат фермалы ең ұзын аралас аркалы көпір.

Көпір мұнараларының биіктігі 350 метрге жетеді – бұл шамамен 120 қабатты ғимаратқа тең. Мұнаралар болат пен бетоннан ромб тәрізді етіп жасалған – бұл олардың беріктігін арттырып, температура ауытқуына бейімделуіне мүмкіндік береді.

Сурет: People’s Daily, China

Көпірдің іргетасы Янцзы өзенінің қуатты ағысына төтеп беру үшін арнайы күшейтілген. Айта кетейік, Янцзы – әлемдегі ұзындығы бойынша үшінші өзен.

Бұған дейін Сауд Арабиясында әлемдегі ең биік ғимарат салынып жатқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: