Қытай тауларында әлемдегі ең биіктегі көпір ресми түрде ашылды
Сурет: x.com/BridgingNews_
"Синьхуа" агенттігінің мәліметінше, Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу провинциясында орналасқан әлемдегі ең биік көпір ашылып, көліктер ары-бері жүре бастады. Оның Хуацзян шатқалы арқылы жүріс уақытын екі сағаттан екі минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік беретіні де айтылады.
"Гуйчжоу таулы аймағындағы Бейпаньцзян өзенінен 625 метр биіктікте орналасқан көпір Сан-Францискодағы "Алтын қақпа" көпірінен де тоғыз есе жоғары. Жалпы ұзындығы 1 420 метр болатын ол таулы жерде салынған, темір бағандарға бекітілген әлемдегі ең үлкен аспалы көпірге айналып отыр", делінген хабарламада.
Бұл көпірді салу кезінде желге төзімділік, биіктіктегі құрылыс саласында бірнеше технологиялық жетістіктерге қол жеткізілген.
"Аймақтық байланысты едәуір жақсартатын жаңа көпір - бұл Қытайдың инновациялық әлеуетін көрсететін маңызды жоба", - деді провинциялық көлік басқармасының басшысы Чжан Инь.
The tallest bridge in the world, the Huajiang Grand Canyon Bridge in #Guizhou, China, opens today. 🇨🇳
— Bridging News (@BridgingNews_) September 28, 2025
Rising 625 m above the Beipan River and stretching 2,890 m with a 1,420 m main span, it has cut the crossing time between the banks from two hours to about two minutes.… pic.twitter.com/NUlDF33FiK