Қытайда өртеуге арналған қоқыс таусылып барады

Қытайда өртеуге арналған қоқыс таусылып барады, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2025 11:51 Сурет: pixabay
Қытайдағы қоқыс жағатын зауыттарда өртеуге арналған қалдықтар таусылып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Financial Times басылымының мәліметінше, бұл бірнеше факторға, атап айтқанда, қолжетімді қоқыс көлемінің азаюына, тұтыну деңгейінің төмендеуіне, халық санының қысқаруына және елдегі қалдықтарды басқару жүйесінің жақсаруына байланысты. 

"Он жыл бұрын Қытай қоқыс проблемасымен күресу үшін қомақты қаражат құйып, қалаларда орын алған "қоқыс дағдарысын" шешу мақсатында үлкен қоқыс жағу зауыттарының желісін салған еді", – делінген ақпаратта.

Алайда қазір бұл зауыттардың қуаты елдегі жыл сайынғы қоқыс көлемінен асып түсіп отыр. Соның салдарынан кейбір кәсіпорындар жұмыссыз тұрып қалса, енді біреулері қоқысты сатып алуға мәжбүр.

Бұған дейін Қытайда әлемдегі ең ұзын керме көпір ашылғанын жазғанбыз. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: