Қытай сұйытылған табиғи газ өндіретін ең ірі теңіз зауытын салды
Сурет: CMG
Қытайдың сұйытылған табиғи газ (СТГ) өндіретін теңіздегі қондырғысы елдегі су ығыстыру көлемі мен газ сақтау сыйымдылығы жағынан ең ірісі болып саналып, Шығыс Қытайдағы Наньтун қаласында тапсырыс берушіге берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қондырғы NGUYA FLNG деп аталды.
Оның өлшемдері: ұзындығы – 376 метр, ені – 60 метр, тереңдігі – 35 метр. Қондырғыда 180 мың текше метрлік СТГ қоймасы және 45 мың текше метрлік сұйытылған мұнай газы (СНГ) қоймасы бар. Жылдық өндірістік қуаты – 2,4 миллион тонна СТГ.
NGUYA FLNG қондырғысы Африкадағы Конго Республикасының жағалауында пайдаланылатын болады. Бұл Қытайдың жоғары қосылған құны бар теңіздік инженерлік жабдық өндірісін дамытуындағы маңызды кезеңге айналды.
看中国制造。
— 免贵姓中(互fo💯) (@qingbu2378) August 28, 2025
江苏南通惠生清能制造的"NGUYA FLNG",买家是意大利油气巨头ENI,年产液化气240万吨。是全世界迄今唯一提前一个月交付的FLNG。全球目前唯一实现独立总包并成功交付FLNG的企业。高度集成充分显示了中国产业链的竞争力。 #flng #中国制造 #产业链 pic.twitter.com/JgRCOhOmOk
Бұған дейін Walt Disney, Universal және Warner Bros Discovery қытайлық нейрожүйені плагиат жасады деп айыптаған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript