Түркияда террористік ұйыммен байланысы бар 50 адам ұсталды

Түркияда террористік ұйыммен байланысы бар деп 50-ден астам адам ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2025 09:06 Сурет: pixabay
Түркияда құқық қорғау органдары жүргізген операциялар нәтижесінде ИГИЛ террористік ұйымымен (Қазақстанда тыйым салынған) байланысы бар деп күдіктелген 51 адам ұсталды деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Түркия ішкі істер министрі Әли Ерликай өзінің X парақшасында жазды.

Ол ұсталғандар ИГИЛ мүшелері ретінде осы ұйыммен байланысы бар жалған гуманитарлық ұйымдарды қаржыландырып, әлеуметтік желідегі аккаунттар арқылы ұйымның идеологиясын насихаттаумен айналысқанын атап өтті.

Ерликай операция соңғы екі апта бойы Түркияның Адана, Адыяман, Амасья, Анкара, Анталья, Балыкесир, Чанаккале, Чанкыры, Чорум, Диярбакыр, Эрзурум, Газиантеп, Хаккари, Хатай, Ыгдыр, Испарта, Стамбул, Измир, Кырыккале, Кыршехир, Килис, Коджаэли, Конья, Мерсин, Мугла, Невшехир, Нигде, Османие, Шанлыурфа, Текирдаг, Токат және Зонгулдак қалаларында өткізілгенін айтты.

Күдіктілерден ұйымға қатысты құжаттар мен цифрлық материалдар тәркіленді.

Бұған дейін Стамбулда тағы бір қала әкімі қамауға алынған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: