Түрікменстанда жалақы мен жәрдемақылардың өсуін тоқтату ұсынылды

Түркімен халқының ұлттық лидері Гурбангулы Бердімұхамедов жақында Халк Маслахатының отырысын өткізді. Ерекше назар аудартқан жайт – құрметті қария Язмырат Атамырадовтың сөз сөйлеуі болды, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2025 11:12 Сурет: pexels
Түрікмен халқының ұлттық лидері Гурбангулы Бердімұхамедов жақында Халк Маслахатының отырысын өткізді. Ерекше назар аудартқан жайт – құрметті қария Язмырат Атамырадовтың сөз сөйлеуі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, Түрікменстанда үлкен жетістіктерге қол жеткізіліп, халықтың өмір сүру деңгейі тұрақты түрде артып келеді.

"Көптеген жылдар бойы жалақы, зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақылар, студенттер мен тыңдаушылардың стипендиялары жүйелі түрде өсіп келеді. Мұндай жеңілдіктерді халыққа жасап отырған ел дүниежүзінде жоқ, бүгінде әр отбасы қажетті нәрсенің бәрін алып отыр", – деді қария.

Сондықтан, ТДХ сайтында атап өтілгендей, Атамырадов жалақы, зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы, стипендиялардың көлемін өсіруді тоқтатуды ұсынып, бұл бастаманы қолдауды Аркадагқа шын жүректен өтінген.

Айта кетейік, 2025 жылғы сәуірде Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстанда құрастырылған автокөлікті бір шартпен сатып алуға дайын екенін мәлімдеген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: