Ғалымдар парацетамолға қатысты Трамптың мәлімдемесін негізсіз деп санайды
Фото: pexels
Тіпті Ақүйдің бұл мәлімдемесі Ұлыбританиядағы қоғамдық ұйымдар мен аналар қауымдастығының алаңдаушылығын туғызды.
Жүкті әйелдерге қолдау көрсететін қайырымдылық қоры аяғы ауыр аналардың мазасыз күй кешіп жүргенін айтады. Нәзік жандылар парацетомолдың зияны туралы білгісі келіп, сенімсіз ақпарат көздеріне көп жүгінетін болған, деп жазады qazaqstan.tv.
Ата-аналарға арналған ең ірі интернет-форум негізін қалаушысының пікірінше, ғаламтор қолданушылары әбден ашу-ызаға булыққан. Олар: Трамп жүктілік проблемаларына әйелдерді ғана кінәлап отыр деп есептейді.
Трамптың мәлімдемесі медициналық қауымдастықтардың да пайымына қайшы. Көптеген зерттеудің нәтижесіне сүйенген олар парацетомол құрамындағы ацетаминофен жүкті әйелдердің денсаулығына қауіпсіз деп санайды.
"Керісінше, парацетомолды дер кезінде қыбылдамаған кезде жүкті әйелдер мен құрсақтағы баланың жағдайы нашарлай түсер еді." Моник Бота, Даррем университетінің доценті
Мамандар 20 жыл бойы ауқымды зерттеу жүргізіп, жиі сөз болатын вакцинацияның да аутизмге еш қатысы жоқтығын анықтаған. Британ ғалымдары аутизм жағдайларының шамамен 80 пайызы тұқым қуалайтын гендердің мутациясымен байланысты деп отыр.