Аргентина халқы үш бойжеткенді азаптап өлтірген қаскөйлерді жазалауды талап етіп митингке шықты

Аргентина халқы үш бойжеткенді азаптап өлтірген қаскөйлерді жазалауды талап етіп митингке шықты , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2025 09:26 Сурет: X/@sweeter_gxs
Буэнос-Айресте бірнеше мың аргентиналық шеруге шықты. Олар үш қызды аяусыз өлтірген қаскөйлерді жазалауды талап етуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

NDTV мәліметтеріне сүйенсек, шеру Президент сарайында басталып, Конгресс ғимаратында аяқталды. Қатысушылар арасында қоғамдық қозғалыстардың өкілдері мен қарапайым қала тұрғындары, негізінен әйелдер болды. Олар марқұмдардың фотосуреттерін – 20 жастағы Морена Верди мен Бренда дель Кастильоның, сондай-ақ 15 жастағы Лара Гутиеррес – алып жүрді. Ұрандар жазылған плакаттар әділеттілікке шақырды және әйелдердің өмір сүру құқығын еске салды. Акция елеулі оқиғаларсыз өтті.

Басылымның жазуынша, Аргентина полициясы жас қыздардың өліміне тергеу жүргізуде, бұл ретте оларға жасалған зорлық-зомбылық пен кісі өлтіру TikTok-та тікелей эфирде көрсетілген. Олар 19 қыркүйекте із-түссіз жоғалып кетіп, бес күннен кейін денелері Буэнос-Айрестің маңында Флоренсио Варелада табылды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, құрбандар қайтыс болғанға дейін қорлық көрген.

Тергеу деректері бойынша, кісі өлтіру есірткі сатушылармен байланысты. Қылмыстың болжамды тапсырыс берушісі – Перу азаматы Тони Вальверде Викториано іздеуде. Буэнос-Айрес провинциясының қауіпсіздік министрі Хавьер Алонсо азаптау мен өлім кезі әлеуметтік желідегі жабық топта көрсетілгенін хабарлады. Тергеушілер қылмыстың себебі кек алу болды деп болжайды.

Бұған дейін Үндістанда сайлау алды митингі кезінде 39 адам қаза тапқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: