"Сахнаға лап қойып, бірін-бірі таптаған". Үндістанда сайлау алды митингі кезінде 39 адам қаза тапты

Таптау, Үндістан, сайлау алды митингі, Виджай, қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2025 14:59 Сурет: видеодан алынды
Үндістанда Тамилнад штатында актер әрі саясаткер Виджайдың сайлау алды митингі кезінде жұрт жаппай сахнаға лап қойып, бір-бірін таптауы салдарынан 39 адам қаза тауып, 50-ден астамы жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Штаттың бас министрі М.К. Сталиннің мәліметінше, қаза тапқандар арасында 17 әйел, 13 ер адам және жеті бал бар. Тағы 51 адамның жағдайы ауыр. Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін көршілес округтерен ондаған дәрігерлер тартылды, деп хабарлайды CNN 2025 жылы 28 қыркүйекте.

Сайлау алды науқан насихаты жүк көлігінің үстінде актер  мыңдаған жақтастары алдында сөз сөйлеген. Жергілік БАҚ жариялаған видеодан Виджайдың топ адамға қарай судың бөтелкесін лақтырып, полицияны көмекке шақырғанын көруге болады.

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди аталған жайтқа байланысты көңіл білдіріп, бұл оқиғаны зор өкінішпен қабылдағанын айтты.

Штат билігі зардап шеккендердің отбасыларына өтемақы төлеуге уәде берді және қайғылы оқиғаны тергеу үшін комиссия тағайындалды.

Виджайдың митингілері бұрын да қауіпсіздік мәселесін тудырған: өткен жылы оның Tamilaga Vettri Kazhagam партиясының жиналысынан кейін алты адам қаза тапқан болатын. 

Бұған дейін Иранға қарсы БҰҰ санкциялары 10 жылдан кейін қайта өз күшіне енгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: