Үндістанда діни мерекені тойлау кезінде тоғыз адам қаза тапты

Топалаң, Үндістан, Андхра-Прадеш, діни мереке, қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.11.2025 16:57 Сурет: freepik
Үндістанның оңтүстігінде Андхра-Прадеш елдімекеніндегі Свами Венкатешвара шіркеуінде діни мереке кезінде тоғыз адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға Шрикакулам округінде болды. Жүздеген діндар қасиетті "Экадаши" күнін атап өту үшін шіркеу алдына жиналған. "Полиция кезекті сақтауға көмек темір тор қысымға төтеп бере алмай құлағанын, сондықтан адамдар бей-берекет шіркеуге лап қойғанын нақтылайды" деп жазады ABC. Қаза тапқандардың арасында сегіз әйел мен бір бала бар. Тағы 16 адам жарақат алды, есі кіресілі-шығасылы 20 адам дәрігерлердің бақылауында.

Жергілікті билік зардап шеккендердің саны артуы мүмкін деп топшылайды, ауруханадағылардың екеуінің жағдайы ауыр.

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди мен Андхра-Прадеш басшысы Н. Чандрабабу Наиду қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.

Діни мерекелерде адамдардың көптеп жиналуы Үндістанда жиі кездеседі, мұндайда инфрақұрылым діндарлар ағынына төтеп бере алмай жатады.

Бұған дейін бүкіл адамзат үшін 2025 жылдағы маңызды күнді атаған үнді көріпкелі туралы жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: