Қызының екінші телефонын тауып алған әке оны өлімші етіп сабап тастады - бойжеткен тіл тартпай кетті
Сурет: pexels
Oxu.Az дерегіне сүйенсек, Елмар Атакишиев (1962 жылы туған) түрмеде отырған кезінде қызы Жамиля Атакишиеваның жезөкшелікпен айналысып жатқанын біліп, түрмеден шыққаннан кейін оны өлтіруге шешім қабылдаған.
Бостандыққа шыққаннан кейін ер адам қызының соңына түсе бастаған. Алғаш рет оны аңдып, стоматологиялық кабинетке дейін барып, ашық киімдегі қызын көргеннен кейін оны сол жерде-ақ ұрып тастаған.
Кейінірек Елмар үйдегі кезекті бір жанжалдың үстінде қызының екінші телефон пайдаланатынын біліп қалып, оны өлімші етіп сабаған. Қыз есінен танып қалған. Ал, үйден шығарда қатігез әкей отбасы мүшелеріне жедел жәрдем шақырмауды бұйырған. Дегенмен, көп ұзамай туыстары шақырған дәрігерлер тек қыздың өлімін тіркеді.
Осылайша, Баку ауыр қылмыстар соты Е. Атакишиевті 16 жылға бас бостандығынан айырды.
Бұған дейін үш баласын балтамен ұрып өлтірген 30 жастағы ана түрме жазасынан босатылуы мүмкін екенін жазғанбыз.