Алматыда түн ортасында жол апаты болды: жаяу жүргінші оқиға орнында тіл тартпай кетті

ЖКО Баянауыл көшесінің оңтүстігіндегі Сүйінбай даңғылында орын алды.

Сурет: Zakon.kz
Бейнебақылау мәліметтері бойынша, жаяу жүргінші шығыстан батысқа қарай қарбалас жолды ақырын кесіп өтпек болған. Осы кезде Қытайда шығарылған Exit көлігі оңтүстік бағытта келе жатқан. Жүргізуші дер кезінде әрекет етуге үлгермей, жүргіншіні қағып кетті.

Сурет: Zakon.kz
Қатты соққыдан ер адам бірнеше метрге дейін ұшып кеткен. Ол алған жарақаттарынан дәрігерлер келгенге дейін көз жұмды.

Сурет: Zakon.kz
Марқұмның жеке басы әлі анықталған жоқ. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол 30-40 жаста, азиялық ұлт. Жанынан құжаттары табылмаған.
Жол полициясының қызметкерлері мен анықтаушылар оқиғаның барлық мән-жайларын зерттеуде.
Бұған дейін Таразда 16 жасар жасөспірімнің өгей әкесінен жүкті болып қалғандығы хабарланған болатын.