Таразда 16 жасар жасөспірім өгей әкесінен жүкті болып қалды

Насилие над детьми, дети, физическое насилие, ребенок , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2025 10:01 Фото: freepik
Жамбыл облыстық перинаталдық орталығына "ерте жүктілік" диагнозы қойылған 16 жасар кәмелетке толмаған қыз түсті. Zakon.kz тілшісі оқиғаның мән-жайын анықтамақ болып, облыстық полиция департаментіне хабарласты. Толығырақ ақпаратта.

Полиция жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қыздың 54 жастағы өгей әкесі қылмыстық іс-әрекет жасады деген күдікке ілініп, ұсталғанын айтты.


"Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 120-бабының 3-1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бірқатар қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Қазір күдікті тергеу сотының санкциясымен қамауда", – деді полиция.

Бұған дейін Өскемен және Қарағанды қалаларында телефон алаяқтары ұсталғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: