Өскемен және Қарағанды қалаларында телефон алаяқтары ұсталды

Полиция, погоны, полицейский, сотрудник полиции, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2025 09:00 Фото: polisia.kz
Киберполиция еліміздің екі облыс орталығында алаяқтар желісін жойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, барлық айыпталушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің киберполиция қызметкерлері ҰҚКД және прокуратурамен бірлесіп, Өскемен қаласында үш мекенжайдан 489 sim-карта орнатылған 22 sim-box құрылғысын, 452 USB-интернет модемін, 13 компьютер, 4 роутер және бір ноутбук тәркіледі.

Заңсыз іс-әрекет үшін қаланың үш тұрғыны ұсталды, – деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.

Оған қоса, Қарағанды қаласында шетел азаматы ұсталып, одан 128 слоты бар sim-box құрылғысы, екі мыңға жуық sim-карта, екі Wi-fi роутері және сигнал күшейткіш тәркіленді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: