Алматыда жеңіл көлік қаққан ер адам оқиға орнында жан тапсырды
Сурет: Zakon.kz
24 қыркүйекте Қажымұқан көшесінен жоғары Достық даңғылында Hyundai Elantra маркалы автокөлік жаяу жүргіншіні қағып, мерт етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Hyundai жолға күтпеген жерден ер адам жүгіріп шыққан кезде оңтүстік бағытта келе жатқан.
Сурет: Zakon.kz
Жүргізуші соқтығысудың алдын алуға тырысты, бірақ онысынан түк шықпады. Ер адам жолдың шетіне ұшып түсті, зардап шегуші алған дене жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырды.
Сурет: Zakon.kz
Марқұмның жеке басы анықталып жатыр.
Сурет: Zakon.kz
Қайғылы оқиға орын алған маңда жерасты жаяу жүргіншілер өткелі барын еске саламыз.
Сурет: Zakon.kz
Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Бұған дейін Орал қаласында полиция қызметкері көлігімен әйелді адамды қағып, мерт еткенін хабарлаған болатынбыз.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript