Франция мен АҚШ президенттері "қол күрестірді"
Сурет: whitehouse
Дәстүрлі қол алмасу рәсімі кезінде Макронның алақаны Трамптың қолының үстінде болды. Осыдан кейін Трамп қолдардың орналасуын өзгертіп, оны армрестлингтегі балуандардың ұстасуына ұқсатты. Содан соң екі саясаткер қолдарын бір-біріне тарта бастады, әрі бұл кезде әңгімелерін үзген жоқ.
Олардың бұл қызықты сәті AFP басылымының YouTube арнасында жарияланып, кейіннен басқа ақпарат құралдарында да кеңінен тарады.
🚨 Trump's Iron Grip: Brutal Bro Handshake Crushes Macron at Gaza Peace Summit 🤝.
— Trending Eyes🇮🇳 (@thetrendingeyes) October 13, 2025
US President Donald Trump reignited his infamous handshake rivalry with French President Emmanuel Macron at the Egypt-hosted Summit of Peace in Sharm el-Sheikh on October 13, 2025, delivering a… pic.twitter.com/1oCpqpYLQm
Бұған дейін Мысырда Газа секторындағы атысты тоқтату туралы қорытынды келісімге қол қойылғанын жазғанбыз.