Мадагаскар президенті елін тастап, қашып шықты

 Андри Радзуэлина, Мадагаскар президенті , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2025 15:26 Сурет: Instagram/andry_rajoelina
Мадагаскардағы жаппай қарсылықтардан кейін ел президенті Андри Радзуэлинаға француз билігі араша түсіп, аралдан кетуге көмектесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

RFI радиостанциясының мәліметінше, ол Франция президенті Эммануэль Макронмен жасалған келісім аясында елден кеткен. Радзуэлина алдымен Сент-Мари аралына тікұшақпен жетіп, одан кейін Францияның әскери ұшағына отырып, болжам бойынша Дубайға бағыт алған.

Дегенмен, француз билігі олардың араласуы тек президенттің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен ғана байланысты екенін және әскери араласумен байланысы жоқ екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, Мадагаскар президенті елдегі қарсылықтар аясында үкіметті тарату туралы мәлімдеген еді. 25 қыркүйектен бері арал елінде электр және су жабдықтарының үзілуіне байланысты жаппай наразылықтар болып, кейін ол бүлікке ұласты.

Бұған дейін Мысырда Газа секторындағы атысты тоқтату туралы қорытынды келісімге қол қойылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: