Геологтар әлемдегі ең ірі алтын кен орнын тапты

Алтын кен орны, Әлемдегі ең ірі алтын қоры, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2025 11:34 Сурет: freepik
Қытайда жуырда табылған алтын кеніші "аса ірі" деп танылды. Оның қоры шамамен 1100 тонна деп бағалануда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Popular Mechanics журналының жазуынша, егер бұл мәлімет расталса, бұл кен орны әлемдегі ең үлкен алтын кеніші болмақ. Ол тіпті Оңтүстік Африкадағы қазіргі ең ірі кен орындарының бірі – South Deep (қоры 1025 тонна) кенішінен де асып түседі.

Қытайлық мамандардың айтуынша, бұл кен орны тек алтын ғана емес, барлық асыл металдардың ішінде ең ірісі болуы мүмкін.

Қытайлық БАҚ деректеріне сәйкес, геологтар Пинцзян уезіндегі Вангу алтын кенішінде шамамен 330 тонна алтын қоры бар 40-тан астам алтын жілесін анықтаған. Бұл кен орындары 2000 метр тереңдікте орналасқан.

Алайда жүргізілген 3D-модельдеу бұл көрсеткіштерді қайта қарауға негіз болды. Зерттеу нәтижесі бойынша, 2900 метр тереңдікте 1100 тоннаға дейін алтын болуы мүмкін екені анықталған.

Егер бұл болжам расталса, кен орнының жалпы құны 83 миллиард доллар шамасында болуы мүмкін.

Бұған дейін Черногорияның Еуропалық одаққа қашан кіретіні белгілі болғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: