Әлемдегі ең үлкен өрмек торы табылды – 106 шаршы метр

Әлемдегі ең үлкен өрмек торы табылды – 106 шаршы метр, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2025 10:05 Сурет: Subterranean Biology
Грекия мен Албания шекарасында орналасқан Сульфур күкірт үңгірінде ғалымдар әлемдегі ең ірі өрмек торын тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

LiveScience басылымының жазуынша, өрмек торының жалпы ауданы – 106 шаршы метр. Биолог, Sapientia венгр университетінің қызметкері Иштван Юрактың айтуынша, бұл тор – мыңдаған жеке өрмектерден құралған үлкен "жамау көрпеге" ұқсайды.

Юрактың атап өтуінше, бұл Tegenaria domestica (үй өрмекшісі) мен Prinerigone vagans түрлерінің отарлық, яғни бірлесе жасаған жұмыстары. Әдетте табиғи ортада бұл екі түр бір-бірімен бәсекелесіп, ортақ тор құрмайды.

Зерттеушілердің есептеуінше, үңгірде шамамен 69 мың үй өрмекшісі мен 42 мыңнан астам Prinerigone vagans өмір сүреді. Екі түр де микробтық биоқабықшалармен қоректенетін шыбындарды аулайды.

Бұған дейін Түркияда Інжіл кітабында айтылатын көне қала артефактілері табылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: