Түркияда Інжіл кітабында айтылатын көне қала артефактілері табылды

Артефакт, Түркия, Інжіл кітабы, көне қала, Колосс, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2025 11:14 Сурет: pexels
Археологтар Түркияның оңтүстік-батысындағы Денизли провинциясында 2,2 мың жыл бұрынғы қабірлер мен көне заттарды тауып алды. Ал бұл олжа Киелі кітапта айтылған Колосс қаласының болғанын дәлелдейтін факт болып табылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Британдық Metro газетінің мәліметінше, ғалымдар 65 қабірдің үстінен түскен, оның 60-ы қазір зерттелуде. Олар ежелгі қаланың жерлеу рәсімдері туралы көбірек мағлұмат беретін адам сүйектері мен өзге де заттарды тапты. Археологтар қолостықтардың табытқа травертин тау тастарын пайдаланғанын анықтады, бұл егістік жерлерді сақтауға мүмкіндік берген.

Колостықтар туралы елші Павел апостолының "Қолостықтарға Жолдауында" айтылады. Ол кезде аталған қалада христиан қауымы өмір сүрген. Павелдың өзі ешқашан Колосс қаласында болмаған деп болжанады, бірақ оның серігі Епафрас мұнда христиан шіркеуін тұрғызған деп есептеледі.

 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: