Түркияда температура бойынша рекорд тіркелді
Сурет: unsplash
Түркияның Экология және қала құрылысы министрі Мехмет Озхасеки сейсенбі күні Анкараның батысындағы Эскишехир провинциясында елдегі термометрлер 49,5 градусты көрсеткенін, бұл аймақтағы температура рекорды екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, бұған дейінгі рекорд – 49,1 градус елдің оңтүстік-шығысындағы Ширнак провинциясында 2021 жылдың шілде айында тіркелген.
"Қоршаған ортаны қорғау, қала құрылысы және климат өзгерістері министрлігінің мәліметі бойынша, 15 тамызда Түркия тарихындағы жаңа температура рекорды тіркелді: Эскишехир провинциясының Сарыжакая ауылында температура 49,5 градус болды", - деп жазды Мехмет Озхасеки X әлеуметтік желісіне.
Айта кетейік, Қазақстанда маусым айында 100 жыл бұрын болған температура рекорды жаңарған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript