АҚШ-та Қорғаныс министрінің ұшағы апатты сигнал беріп, шұғыл қонуға мәжбүр болды
Сурет: wikipedia/Пит Хегсет
Пентагонның өкілі Шон Парнелл өзінің әлеуметтік желіде парақшасында жазғандай, ұшақтың алдыңғы әйнегіне сызат түскен.
"Брюссельде өткен НАТО елдерінің қорғаныс министрлері кездесуінен АҚШ-қа қайтып келе жатқанда, Хегсеттің әскери министрлік ұшағының алдыңғы әйнегінде жарық пайда болып, әуе кемесі шұғыл түрде Ұлыбританияға қонды",- делінген ақпаратта.
FlightRadar сервисінің мәліметі бойынша, ұшақ Атлантика мұхиты үстінде Ирландия жағалауынан жақын жерде апатты жағдай туралы хабар беріп, бағытын өзгертіп, Ұлыбританияға қарай ұшты. Ол Кембридж маңындағы Милденхолл әуежайына қонды. Бұл ақпаратты Парнелл те растады.
"Ұшақ стандартты процедураға сәйкес қонды, және ұшақтағы барлығы, соның ішінде министр Хегсет те қауіпсіз аймаққа эвакуацияланды", – деп түйіндеді Парнелл.
On the way back to the United States from NATO’s Defense Ministers meeting, Secretary of War Hegseth’s plane made an unscheduled landing in the United Kingdom due to a crack in the aircraft windshield. The plane landed based on standard procedures and everyone onboard, including…
— Sean Parnell (@SeanParnellASW) October 15, 2025
Бұған дейін Трамптың Time журналының мұқабасындағы сәтсіз суреті үшін ренішін білдіргенін жазған болатынбыз.