Трамп Time журналының мұқабасындағы сәтсіз суреті үшін ренішін білдірді

Дональд Трамп, Трамп, президент Америки, президент США, президент Соединённых Штатов Америки , сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2025 13:49 Фото: flickr/White House
АҚШ президенті Дональд Трамп Time журналының мұқабасындағы жаңа суретін алып тастау керек екенін баса айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол өзінің бұл мәлімдемесін Truth Social әлеуметтік желісінде жазды.

"Олар мен жайлы айтарлықтай жақсы ақпарат жазған, алайда фотосурет осы күнге дейінгі ең жаман суретім болу керек. Олар менің шашымды "жоқ қылды", оның орнына "тәж" сияқты бірдеңе жасаған, бірақ оның өзі кішкентай ғана. Өте біртүрлі! Маған фокусты төменен алған ұнамайтын, ал бұл тіпті – сөз жоқ ең нашар фотосурет. Олар неліктен бұл суретті таңдағанын түсінбеймін",- деп ренішін білдірді АҚШ президенті.

Сурет: X/time

Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Ақпарат және баспасөз департаментінің директоры Мария Захарова да фотосуретке қатысты пікірін білдірді. Бірақ ол суретті емес, ұжымды сынға алды.

"Таңқаларлық: фотосуреттен онда кім бейнеленгенінен гөрі, кім таңдағаны жайлы көбірек айтуға болады. Мұндай суретті тек мінез-құлқында ақауы бар адамдар ғана таңдай алады. Олардан ашу мен жек көру, тіпті бұрмалаушылық леп сезіледі",- деп жазды ол өзінің Telegram-арнасында.

Бұған дейін геологтардың әлемдегі ең ірі алтын кен орнын тапқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: