Трамп Қазақстанға баруы мүмкін екенін мәлімдеп, Тоқаев жайлы пікірін білдірді

Дональд Трамп, Трамп, президент Америки, президент США, президент Соединённых Штатов Америки , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2025 10:46 Фото: flickr/Gage Skidmore
АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстанға келуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Америкалық көшбасшы бұл жайлы 7 қыркүйекте теннистен өтетін АҚШ-тың ерлер арасындағы ашық чемпионатының финалына ұшар алдында Ақ үйден шығып бара жатқанда мәлімдеді.

Журналистің Қазақстан жайлы және бұл елге сапары жайлы қойылған сұрағына Трамп жауап ретінде, баруы әбден мүмкін екенін айтты.

Мұнымен қоса, ол бұған дейінгі Тоқаевпен әңгіме мазмұнды болғанын атап өтті.

"Сәлем айтыңыз! Президентіңіз өте жақсы адам!",- деп АҚШ президенті баса айтты.

Бұған дейін Тоқаевтың Бразилия президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: