Тоқаев Трампен кездеседі

Тоқаев Трампен кездеседі, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2025 21:10 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трампен кездеседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылғы 6 қарашада Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуі Астана уақыты бойынша сағат 04.00-де (Вашингтон уақыты бойынша сағат 18.00-де) күтіледі", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы және Америка Құрама Штаттары арасында аса маңызды минералдар саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғанын хабарлаған едік.

Сондай-ақ Тоқаев Вашингтонда халықаралық нарыққа шыққан отандық ІТ стартаптармен танысты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: