Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан және АҚШ арасындағы меморандумға қол қойылды
Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан және АҚШ арасындағы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың хабарлауынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы және Америка Құрама Штаттары арасында аса маңызды минералдар саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Құжатқа ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев пен АҚШ Сауда министрі Говард Латник қол қойды.
Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вашингтонға сапары Мемлекеттік хатшы Марк Рубиомен, Сауда министрі Говард Латникпен, сондай-ақ АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азиядағы арнайы өкілі Серджио Гормен кездесуден басталғанын хабарлаған едік.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript