Әзербайжан президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуі мүмкін
Фото: akorda.kz
Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев қазан айында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 15 тамызда мемлекет басшысының баспасөз хатшысы мәлімдеді.
Таратылған ақпаратқа сүйенсек, мемлекеттер басшылары бұл мәселені жуырда телефон арқылы сөйлескен кезде талқылады. Қазіргі кезде сапардың нақты мерзімі мен мазмұны келісіліп жатыр.
2024 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға мемлекеттік сапармен барған еді. Онда президенттер өзара байланыстарымызды стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеріп, екі елдің одақтастық қатынастарын нығайтқан маңызды құжаттарға қол қойды.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Ислам Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Премьер-министр Шахбаз Шарифке құттықтау жеделхатын жолдағаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript