Трамп Сирияға қарсы санкцияларды ресми түрде доғарды
Фото: pix4free
АҚШ президенті Дональд Трамп Сирияға қарсы экономикалық санкцияларды алып тастау туралы қаулыға қол қойды.
Мұны Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлап отыр. Америка әкімшілігінің мәлімдеуінше, Трамптың бұл шешімі тұрақтылық пен бейбітшілікке жасалған қадам.
Және де жаңа қаулы Сирия экономикасын қалпына келтіру жолындағы кедергілерді жойып, Араб Республикасын әлемге қайта ашады, деп жазады qazaqstan.tv.
Айта кетсек, Сирияда Башар Асад режимі былтыр желтоқсанда құлатылды. Соған байланысты Трамп биыл мамырда бұл мемлекетті халықаралық шектеуден босатуға кіріскені белгілі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript