АҚШ екі жыл бұрын мұхит түбіне батып кеткен сүңгуір қайықтың неліктен апатқа ұшырағанын анықтады

Титан сүңгуірі, Атлантика мұхитының түбі, Қайғылы оқиғадан 5 адам қаза болды , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2025 12:19 Сурет: wikipedia
АҚШ-тың Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесі (NTSB) 2023 жылғы 18 маусымда ішінде миллиардерлер отырған "Титан" сүңгуір қайығының мұхит түбіне батып кетуіне байланысты жүргізілген тергеу нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Есепте "Титан" батискафының апаты "құрылымдық жобалау" қатесінен болғаны атап өтілген.

Тергеу барысында мамандар батискафтың корпусы қажетті беріктік пен ұзақ мерзімділік талаптарына сай еместігіне қорытынды жасады. Бұл туралы "Титанды" жарыққа шығарған OceanGate компаниясы хабарсыз болған, себебі олар терең су аппаратының сынақтарын өткізбеген.

Комиссияның пікірі бойынша, егер де техникалық мамандар кеменің сол кездегі жағдайына жіті мән бергенде, қайғылы оқиғаның алдын алуға болатын еді.

Апатқа кінәлі ретінде "Титанды" жасап шыққан OceanGate компаниясы аталды. Қайғылы оқиғадан бес адам қаза тапты, соның ішінде OceanGate компаниясының негізін қалаушы Стоктон Раш-та бар.

Бұған дейін Мадагаскардың елдегі әскери төңкеріс салдарынан Африка одағынан уақытша шығарылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: