АҚШ-та шетелдік туристер үшін кейбір қызметтер қымбаттамақ
Сурет: pixabay
АҚШ-тың Ұлттық парктер қызметі шетелдік туристерден елдегі ең танымал ұлттық парктердің кейбіріне кіру үшін қосымша 100 доллар төлем алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
ABC News АҚШ Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлағандай, бұл өзгеріс 11 ұлттық паркке қатысты болады. Олардың қатарында Гранд-Каньон, Йеллоустоун және Йосемити бар.
Министрлік мәлімдемесіне сәйкес, бұл өзгерістер 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Сонымен қатар, шетелдік туристер үшін ұлттық парктерге жылдық абонементтің құны 250 долларға дейін өседі. Ал АҚШ тұрғындары үшін баға бұрынғыдай 80 доллар болып қалады.
Бұған дейін Гонконгтағы тұрғын үй кешеніндегі алапат өрт қырық шақты адамның өмірін қиғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript