Гонконгтағы тұрғын кешеніндегі алапат өрт қырық шақты адамның өмірін қиды

Гонконгтағы тұрғын кешеніндегі алапат өрт қырық шақты адамның өмірін қиды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2025 11:13 Сурет: pixabay
Гонконгтағы Wang Fuk Court тұрғын кешенінде сегіз ғимаратты шарпыған өрт шықты. Біршама тұрғын мен жүзден астам жануар ғимарат ішінде қалып қойған. Әкімшілік басшысы Джон Лидің айтуынша, 36 адам қаза тапқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

South China Morning Post басылымының жазуынша, шамамен 700 адам эвакуацияланып, уақытша орналастыру орталықтарына жеткізілген.

"Джон Ли өрт салдарынан 36 адамның қаза тапқанын, 279 адаммен байланыс орнатылмай жатқанын, 29 адамның ауруханаға жеткізілгенін, олардың жетеуі ауыр халде екенін айтты", – делінген ақпаратта.

Сонымен қатар, ол қаза тапқандардың саны әлі де өсуі мүмкін екенін жасырмады.

Өртті сөндіруге 140-тан астам өрт сөндіру көлігі мен 800-ден аса маман жұмылдырылғаны белгілі болды.

Бұған дейін Нигерияда қарулы қарақшылар 200-ден астам оқушыны ұрлап әкеткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: