Мексика түрмесіндегі бүлік жеті адамның өмірін қиды

Кулаки, драка, насилие, нападение, потасовка, избиение, перепалка, схватка, разборка, разборки, рукоприкладство, побои, конфликт, бой, борьба, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2025 09:27 Фото: pexels
Мексикада тұтқындар бүлік шығарып, соның салдарынан жеті адам қаза тауып, тағы 11 адам жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Испанияның La Razon газетінің хабарлауынша, наразылық акциясы 12 сағатқа жуық уақытқа созылған.

"Жеті тұтқын қаза тауып, он бірі жараланды. Тәртіпсіздік тұтқындардың түрменің бірнеше аумағын бақылауға алған "Сомбра" деп аталатын қылмыстық топтың үнемі бопсалауына және агрессиясына қарсы наразылығы ретінде басталды", – делінген хабарламада.

Басылымның хабарлауынша, түрмеде тәртіп орнату үшін ұлттық армия мен полиция жіберілген. Ел билігі оқиғаға кінәлілерді анықтап, егжей-тегжейлі мәлімет беру үшін тергеуді бастағаны хабарланды.

Сарапшылар оқиғаның қарапайым "тұтқындар арасындағы төбелестен" әлдеқайда ауыр екеніне сенімді – бұл кешенді шешімді қажет ететін құрылымдық проблеманы көрсетеді.

Бұған дейін Алматыдағы колониядан екі жасөспірімнің қашып кеткені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: