АҚШ-та 18 жыл бұрынғы мәйіттің кімге тиесілі екені генетикалық тест арқылы анықталды

Лаборатория, медицинская лаборатория, анализы, лабораторные пробирки, лаборатории, наука, исследование, исследования, лабораторные исследования, лабораторное исследование, научные исследования, научное исследование, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2025 12:43 Фото: freepik
АҚШ-тың Теннесси штатында ДНҚ-тест 2007 жылы жұмбақ жағдайда жоғалған әйелдің мәйітін анықтауға көмектесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Need To Know басылымының жазуынша, жартылай қаңқаға айналған адам сүйектері 2007 жылдың қараша айында табылған. Тергеу сүйектердің афроамерикалық әйелге тиесілі екенін анықтағанымен, оның нақты жасы мен жеке басы белгісіз болып қалған. Мәйіттен киім табылмаған, тек әшекей бұйымдар ғана болған. Полиция құжаттарында ол 18 жыл бойы "Джейн Доу" деген шартты атпен тіркеліп келген.

Басылым мәліметінше, 2025 жылы генетикалық зерттеу нәтижесінде сүйектердің 40 жастағы Мэри Элис Мэлониға тиесілі екені белгілі болды. Әйел 2007 жылдың көктемінен бері іздеуде. Сарапшылар ДНҚ базаларынан оның алыс туыстарының деректерін тауып, содан кейін генеалогиялық шежірені қалпына келтірген. Осы әдіс жоғалған әйелдің кім екенін анықтауға мүмкіндік берді. Алайда зерттеу барысында үлкен қиындықтар болған, себебі туыстарының ДНҚ-сы дерекқорларда өте аз болған.

Дегенмен, әйелдің өлімінің себебі әлі белгісіз. Оның қалай қаза тапқаны туралы тергеу жалғасып жатыр.

Бұған дейін із-түссіз жоғалған павлодарлық әйелдің 10 күннен бері табылмай жатқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: